Облыс әкімі Ермек Көшербаев бастаған делегация Қытайдың China Huadian Corporation компаниясының өкілдерімен кездесті. Бұл компания Шығыс Қазақстандағы ГЭС құрылысына инвестор болмақ ниетте.
Кәсіпорын жалпы электр энергиясы мен көмір өндіру, сондай-ақ ғылым және өнеркәсіппен айналысады.
ШҚО кәсіпкерлік және инновациялық-индустриялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиевтің айтуынша, кәсіпорынның энергетика саласындағы тәжірибесін Шығыс Қазақстанда салынбақ ГЭС құрылысына пайдалануға әбден болады. Сондықтан қуаты 51,4 МВт болатын екі станция Катонқарағай мен Алтай өңірінде орналасады.
– Қытайлық компания қызығып отыр. Өкілдері келесі айда Шығыс Қазақстанға келіп, бұл мәселені бүге-шігесіне дейін зерттейді, - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тұрғысын-1 ГЭС-інің құрылысына да қытайлық инвесторлар қатысқан.