Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова үкімет отырысында тапшы мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын тәмамдаған адамдарды әскери борышын өтеуден босату туралы ұсыныстар көтеріліп жатқанын айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанда қат мамандар баршылық.
«Кейбір мамандарды әскери борышын өтеуден босату туралы мәселені қарастыруды және колледждерде сержанттар құрамын даярлау мен әскери даярлықтан өтуге бағытталған әскери кафедралар ашуды ұсынамын», – деді Светлана Жақыпова.