Ертең, 12 мамырдан бастап Самар мен Үлкен Нарын аудандарының жағалауларын жалғайтын Васильев паром өткелі іске қосылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Бұл туралы паром иесі хабарлады. Паромның жүру кестесі әдеттегідей.
Самар жағынан: сағат таңертеңгі 8:00 ден бастап жұп сандар, түнгі 22:00 дейін.
Үлкен Нарын жағынан: таңғы 7:00 ден бастап тақ сандар, 21:00 ге дейін.
Пароммен өту бағасы бұрынғыдай: автомобильдің қозғалтқыш көлеміне қарай.
Естеріңізге сала кетейік, “Одесса” паромы 2019 жылдан бастап көлік жүктемесінің ұлғаюына байланысты Күршім өткеліне кеткен болатын. Араға алты жыл салып, “Одесса” өз айлағына қайта оралып жатыр.