Алакөлге қатынайтын пойыздар мен әуе рейстерінің саны артады

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 14:11 0

Биыл жазда Алакөл курорттық аймағына 13 теміржол бағыты арқылы жетіуге болады. Оның 4-еуі  жыл бойы қатынайтын бағыт болса, тағы 9-ы маусымдық қосымша бағыттар. Пойыздар Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Семей, Өскемен және Ақтоғай қалаларынан қатынайды.

Алматы – Алакөл:

№ 207/208 «Алматы-2 – Жалаңашкөл» (аптасына 2 рет);

№ 221/222 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет);

№ 211/212 «Алматы-2 – Достық» (маусым–шілдеде жұп күндері, тамызда тақ күндері);

№ 337/338 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет);

№ 21/6941/6942/22 «Алматы-1 – Достық» (жұп күндері).

Астана – Алакөл:

№ 54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);

№ 254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);

№ 122/6942/6941/121 «Нұрлы жол – Семей» (жұп күндері).

Басқа бағыттар:

№ 31/6942/6941/32 «Павлодар – Достық» (жұп күндері);

№ 21/6942/6941/22 «Қызылорда – Достық» (тақ күндері);

№ 457/458 «Семей – Достық» (тақ күндері);

№ 459/460 «Өскемен – Достық» (тақ күндері);

№ 6941/6942 «Ақтоғай – Достық» (күн сайын).

Әуе рейстері:

2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлдің қасында орналасқан Үржарға субсидияланатын рейстерді орындай бастайды. Астана мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 6 рейс орындалады. Астана - Үржар бойынша бір бағыттағы билет құны – 16 мың теңге, ал Алматы - Үржар бағыты бойынша – 14 мың теңге.

Сондай-ақ, жаз мезгілінде Үшарал қаласына субсидияланатын әуе рейстерін іске қосу мәселесі пысықталуда.

Автомобиль көлігі:

Жалпы ұзындығы 768 шақырым болатын «Талдықорған – Өскемен» жолы Алакөлге дейін апарады. Бұл жолға толықтай жаңа асфальт төселді.

Жетісу облысы жағынан Үшарал арқылы одан кейін 180 шақырымдық «Үшарал – Достық» жолымен өтіп, көлдің оңтүстік жағалауына, Абай облысы жағынан «Таскескен – Бақты» жолы арқылы Мақаншы ауылына (133 км), әрі қарай «Мақаншы – Жалаңашкөл» бағытымен көлдің солтүстік жағалауына жетуге болады.

Айта кетейік, Алакөл көліне апаратын барлық республикалық маңызы бар автожолдарда жаңа асфальтбетон жабыны төселді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив