Катонқарағай өңірінде туризмді дамыту үшін жақын арада бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде эко-қонақүй салу, тау шаңғысы курортын ұйымдастыру және Өрнек ауылын абаттандыру жұмыстары бар.
Бұл туралы Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Расул Қарабалинов хабарлады.
"2024-2026 жылдары «QZ Property» компаниясымен Катонқарағайда 120 бөлмелі «Wellness Resort» шипажай-сауықтыру кешенін салу бойынша келіссөздер жүргізіліп, меморандумға қол қойылды", - деді Расул Қарабалинов.
Мұнда бассейн, СПА, мейрамхана, фитнес-орталық, ойын алаңы жәнебасқа да түрлі орталықтар салынбақ. Жобаның құны шамамен 8 млрд теңге.