Риддер жылу электр орталығын басқару «Өскемен жылу желілері» компаниясына беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл шешім қолдау тапса, Өскемен қалалық кәсіпорны облыстық деңгейдейгі мекеме статусын алмақ.
Айта кету керек, алдыңғы жылғы қыста Риддер ЖЭС-інде апат болған кезде алғашқылардың бірі болып әрекет еткен компаниялардың бірі осы «Өскемен жылу желілері».
Риддерде ЖЭС-і 2022 жылы апаттық жағдайда бірнеше рет тоқтады. Қыс бойы тұрғындарды әбігерге салды. Қазір кәсіпорын мен қалалық жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.