Утилизациялық алым мәселесі қарастырылып жатқан жиындарды YouTube әлеуметтік желісінен көруге болады.
Бұл жөнінде өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ақпаратқа қарағандағ петицияны қарау жөніндегі отырыстардың толық бейнежазбасын әлеуметтік желіге жүктеледі деп жоспарланып отыр.
«Біз азаматтардың бұл мәселе туралы не болып жатқанын толық түсінуі үшін бейнежазбалардың толық нұсқасын жариялауды жөн көрдік», - деп атап өтті мекеме өкілі.
Еске сала кетейік, 24 мамырда E-Petition.kz ресми порталында жарияланған утилалым мәселесіне қатысты петиция жоғарғы билік өкілдерінің қарастыруы үшін қажетті 50 мың қол жинаған болатын.