Утилалым мәселесі жөніндегі петицияны қарау үшін жұмыс тобы құрылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жұмыс тобының құрамы бекітілгенін хабарлады.
"Жұмыс тобына депутаттар, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді" - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жұмыс тобына петицияның бастамашысы, сондай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қауымдастығының және өнеркәсіп секторының өкілдері кіреді.
Айта кету керек, утилалымды жою туралы петиция 50 мыңнан астам қол жинаған болатын. Қазақстан заңы бойынша осынша қолдау тапқан петиция үкіметте қаралуға тиіс.