"Бұқтырмаға кәріз суы құйылып жатыр". Алтай ауданының халқы экология министріне шағынды


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 19-06-2024, 10:33 0

Күні кеше экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Алтай өңірінің тұрғындарымен кездесті. Онда жергілікті тұрғындар «Көгілдір шығанақ» демалыс базасында Бұқтырма су қоймасына қалдықтарды ағызып жатыр деп шағым айтты. 

Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев "бұл ақпарат шындыққа жанаспайды" деп жауап берді. Оның айтуынша, Жаңа Бұқтырма кентіндегі базаларда тазарту қондырғылары толықтай жұмыс істеп тұр.

Мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін тексерушілер «Көгілдір шығанақтағы» 1 және 2 тазарту құрылыстары мен кәріз қысымды станцияларына (КҚС) барып, тазалау жүйелерінің толық циклімен танысқан.

– КНС 1-ден КНС 2-ге дейін «Көгілдір шығанақ» елді мекені мен «Көгілдір шығанақ» демалыс базасының қалдықтары ағады. Бұл көлемі 30 текше метр қабылдау бункері. Қалдықтарды тазалау қондырғыларына айдау автоматты түрде жүреді. Мұнда сорғы және электр жабдықтары орнатылған. Сорғының қуаты 45 кВт, сағатына 18 текше метр сорып шығарады. Оның автоматты түрде жұмыс істеуі үшін бункер 15 текше метрге толуы керек», - деп түсіндірді құбырларды күтіп, қарайтын «ЖКО» компаниясының директоры Анатолий Перевалов.

"Барлық жүйе автоматтандырылған. Төтенше жағдайда немесе негізгі жабдықтың істен шығуы жағдайында бірден резервтік көшірмеге ауысады", деп үстеді ол.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив