«Алтай Өскемен» өз алаңында «Екібастұз» командасымен ойнайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
Бұл бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының екінші туры аясында өтетін матч.
Ойын 18 сәуір күні 14.00-де басталады. Өскемендік ұжым биылғы маусымда бірінші рет өз алаңында матч өткізейін деп тұр. Сондықтан футбол маусымын асыға күткен жергілікті жанкүйерлердің қолдауы зор болуы тиіс. Әрі ойынға кіру – тегін.
Матч тартысты болатыны анық. Өйткені өскемендік ойыншылар өз алаңында жанкүйерлерге жеңіс сыйлау үшін аянып қалмас. Павлодар облысының командасы да маусым басында турнирлік кестеден ойып тұрып орын алғысы келеді.