Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы хабарлады.
14 маусым күні Алтай өңірінің тұрғындары Ерлан Нысанбаевпен Алтай қаласындағы Садовая, 1 көшесі бойында орналасқан «Горняк» мәдени-демалыс орталығында кездесе алады.
Кездесуге келе алмағандар үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ресми парақшасында, сондай-ақ Facebook және Youtube әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында тікелей онлайн трансляция ұйымдастырылады.