Жазда Алтай өңірінде ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын жазатайым оқиғалардың саны артады. Ал симуляциялық орталықтың ашылуы жедел жәрдем қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен қатар, адам өмірін дер кезінде сақтап қалуға көмектеспек.
Бұған дейін ең маңызды жансақтау әдістері оқытылатын мұндай орталық Өскеменде ғана болатын.
- Симуляциялық орталықтың мақсаты – макеттер мен манекендерді қолдану арқылы жедел жәрдем қызметкерлерінің тәжірибелік дағдыларын нығайту және дамыту. Науқастардағы жүрек-өкпе жетіспеушілігі, әр түрлі деңгейдегі жарақаттар мен балаларды аман алып қалу бойынша ем-дом жасау шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.