ШҚО сейсмикалық қауіпті өңірге жатады. «Жер-2024»


ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА 3-06-2024, 10:31 0

 

3-4 маусымда еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында «Жер-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында орналасқан.


3 маусым сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісіне ұшырау мүмкіндігі бар аталған өңірлерде «Баршаның назарына!» сирена-сөйлеу құрылғыларын іске қосылады. Сондай-ақ адам көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.


Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.


Аталмыш іс-шараға республикалық, өңірлік азаматтық қорғау қызметтері және жергілікті атқарушы органдар қатысады, олар жойқын жер сілкінісі жағдайында іс-қимылдарды пысықтайды. Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен далалық медициналық ауруханалар көрсетілетін болады, - деп жазды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив