Уақыт ауысқан соң Самар ауданында да көше шамдары мәселесі алға шықты


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 10-06-2024, 17:35 0

Самар ауылында кейбір көшелерде жарық шамдары жанбайды. Бұл туралы ауыл тұрғындары мәселе көтеріп, дабыл қақты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen сайтының тілшісі SAMARnews-ке сілтеме жасап.

– Мен бұл мәселені облыс әкіміне де жаздым. Фонов көшесінде жарық дұрыс жанбайды. Бізде көпбалалы отбасылар тұрады. Оның үстіне қазір уақыттың ауысуы оқушыларға қиындық туғызып жатыр. Қараңғыда көшеден әрең жүреді. Бұл балалардың қауіпсіздігіне қиындық туғызады. Осы көшеге қашан жарық орнатылады? – дейді ауыл тұрғыны Ринат Қайратов.

Bizdiң Өskemen сайтының тілшісі бұл мәселе жайлы Самар ауданы әкімдігіне хабарласты. Әкімдік өкілінің айтуынша, биыл көшелерге көше жарығын орнату жоспарда тұр. Бюджеттік өтінім дайындалып, бекітуге жіберіліпті.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив