Елімізде 2025 жылғы 24 мамырдан бастап «Отбасы банк» АҚ негізінде «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» атты ақпараттық жүйе іске қосылады. Ол orken.otbasybank.kz. Жаңа жүйе өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Жүйе 14 мемлекеттік дерекқормен біріктірілген, және өтініш беру кезінде өтініш берушінің цифрлық портреті қалыптасады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұл туралы "Отбасы Банк"АҚ Шығыс Қазақстан филиалының директоры Назигуль Аккулова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.
Азаматтар аталған күннен бастап тұрғын үй кезегіне тұру үшін онлайн өтініш бере алады. Өтініш беру сағат 09:00-ден бастап мүмкін болады. Ол үшін порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кіру қажет.
Жаңа жүйе өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Мемлекеттік қолдауға келесі санаттағы азаматтар үміткер бола алады:
– Соңғы бес жылда меншігінде тұрғын үйі болмаған кәмелетке толған азаматтар;
–Жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар.
Есепке қою рәсімі бір жұмыс күнін алады. Егер өтінішке қосымша құжаттар (мысалы, апаттылықты растайтын құжаттар) тіркелсе, қарау мерзімі үш жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Демалыс күндері берілген өтініштер келесі жұмыс күнінен бастап қаралады.
– Жүйе 14 мемлекеттік дерекқормен біріктірілген, және өтініш беру кезінде өтініш берушінің цифрлық портреті қалыптасады. Ол отбасылық жағдай, мүлікке ие болу, кіріс деңгейі, әлеуметтік бағдарламаларға қатысуы сияқты мәліметтерді қамтиды. Бұл ақпараттың көмегімен Отбасы банкі азаматтарға ең тиімді мемлекеттік қолдау түрлерін — жалға алу субсидиясынан бастап жеңілдетілген ипотекаға дейін — ұсына алады, – "Отбасы Банк"АҚ Шығыс Қазақстан филиалының директоры Назигуль Аккулова
Баспананың кемінде 70%-ы келесі басым санаттарға беріледі:
– Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерінетеңестірілгендерге, басқа мемлекеттер аумағындағы іс-қимылдар ардагерлеріне;
– жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
– көп балалы аналар мен көп балалы отбасыларға;
– мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелепотырған отбасыларға;
– 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
– жесір әйелдер мен тұл еркектерге.
Сондай-ақ кезекке қойылғандар мен соңғы екі жылда мемлекеттік қолдаумен баспана алғандардың тізімдері банктің ресми сайтында үнемі жарияланып отырады.
2025 жылғы 24 мамырға дейін азаматтар orken.otbasybank.kz порталымен алдын ала танысып, eGov жүйесіндегі деректердің өзектілігін тексеріп, ЭЦҚ мен Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірінің дұрыстығына көз жеткізе алады.
Ал 17 маусымнан кейін әкімдіктер құрған барлық кезектер Отбасы банкіне беріледі. Осы уақытқа дейін жергілікті атқарушы органдар қолданыстағы заңнама аясында өз өкілеттіктерін орындауды жалғастырады.