Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында 24 мамырда ашық есік күні болады,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
Сондай-ақ бұл күні облыстағы барлық бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелері тұрғындарды жолдамасыз қабылдайды.
– Ашық есік күні – маңызды шара. Бұл күні біз тексеру жүргізіп, тері күтімі жөнінде кеңес береміз, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онкологы Гүлмира Сағидуллина.
Іс-шара аясында тұрғындар онколог-дәрігерлер мен дерматологтардан тегін кеңес алады. Сонымен қатар тері қатерлі ісігінің алдын алу, өзін-өзі тексеру және ерте анықтау жолдары туралы маңызды ақпаратпен танысады.
Учаскелік дәрігерден жолдама талап етілмейді, жеке куәлік болса жеткілікті.
Шара 24 мамыр күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін болады.