«Өскемен титан-магний комбинатындағы» резонанстық жағдайдан кейін облыс орталығына Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев келді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Кәсіпорнынға барып мән-жайды білген министр оқиғаның ауырлығын атап өтті. Сондай-ақ компания басшылығымен де, жергілікті билік өкілдерімен де кездесті. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болды. Тексеру аймақ экологиясының жағдайына әсер етуі мүмкін кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтиды.
Экология министрі бірқатар тапсырма берді:
– Экологиялық стандарттардың бұзылуына байланысты кәсіпорынның әрекеттерінің (немесе әрекетсіздігінің) заңдылығын бағалау, сондай-ақ болған оқиғаға құқықтық бағалау жүргізу.
– Қолданыстағы заңнама шеңберінде барлық қажетті ықпал ету шараларын, соның ішінде лауазымды тұлғаларды және жалпы кәсіпорынды жауапкершілікке тартуды қабылдау.
– Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдау, оның ішінде өңірдің басқа объектілерінде экологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту.
Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады.