Шығыс Қазақстанда соңғы жылдары тері қатерлі ісігіне шалдыққандар көбейді. Аурушаңдық әсіресе 55 жастан асқан әйелдер арасында көп, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұл жөнінде облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Тері қатерлі ісігі – ерте кезеңде анықталса оңтайлы емделетін онкологиялық аурулардың бірі.
Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін ультракүлгін сәуледен қорғанып, SPF кремдерін қолдануға және солярийден бас тартуға кеңес берді. Сондай-ақ ай сайын теріні тексертіп, жылына бір дерматологқа қаралу керек.