"Мемлекетке опасыздық жасады" және "билікті басып алмақ болды" деген айыппен сотталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан кешірім сұрап, хат жазды деп хабарлайды Informburo.kz сайты.
Қазір Кәрім Мәсімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында қамауда екені белгілі. Оның рақымшылыққа өтініш бергенін ҰҚК растады.
-Расында, ол 2024 жылдың наурыз айында осы мекемеден Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдаған, - делінген ақпаратта.