Өскеменде ақпан айының ортасынан бері ауа сапасы үсті-үстіне нашарлап келеді. Соңғы үш күнде күкіртсутек шекті мөлшерден үш есе асып кеткен, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қазгидромет мамандары үш күн ішінде екі улы зат – күкіртсутек пен көміртегі оксиді шекті концентрациядан асып түскенін растап отыр:
1 наурызда күкіртсутек шекті концентрациядан 2,9 есе, көміртегі оксиді 1 есе асып кетті;
2 наурызда күкіртсутек шекті концентрациядан 2 есе, көміртегі оксиді 1,5 есе асып кетті;
3 наурызда күкірсутек шекті концентрациядан 2,363 есе, көміртегі оксиді 1,567 есе асып түсті.
Мамандар Өскемендегі қолайсыз метеожағдай 4 наурыз күні таңғы сағат 8-ге дейін сақталады деп отыр.