ШҚО жастары патриоттық акцияны қолдады

ЖАҢАЛЫҚТАР 4-06-2025, 15:30 0

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының белсенді жастары #МеніңЕлімМеніңТуым атты патриоттық акция өткізді.

      Акция аясында шығыстық «Жастар Рухы» мүшелері қаламыздағы биік ғимараттарды қазақтың көк байрағымен безендіріп, ел рухын көтеретін ерекше атмосфера қалыптастырды.

  – Біз бұл бастаманы жастардың бойында елжандылық пен патриоттық сезімді арттыру мақсатында ұйымдастырдық. Мемлекеттік рәміздер – бұл тек белгілер емес, олар – біздің өткеніміз, бүгініміз және жарқын болашағымыз. Осындай акциялар арқылы біз жастарды елін, жерін құрметтеуге, Туға тағзым етуге баулимыз, – дейді «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының төрағасы Қорлан Туғанбаева.  


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив