Қазгидромет алдағы қысқа болжам жасады


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-10-2024, 12:50 0

Консультативтік болжамға сәйкес қыста температура режимі климаттық норма шегінде болжанады, жауын-шашын көпжылдық нормадан асады. Алайда, жауын-шашынның тоқтауымен және температураның аномальді төмен фонымен (солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 30-45 градус аяз, елдің батысы мен оңтүстігінде 25-35 градус аяз) сипатталатын кезеңдер ықтималдығы жоққа шығарылмайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, қаңтар айында жауын шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігіндегі, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының батыс жартысында нормадан көп күтіледі.  

Ақпан айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1° жоғары, еліміздің солтүстік аймақтарында норма шамасында болжанады. Белсенді циклондар әсерінен жауын-шашын еліміздің көптеген аймақтарында нормадан асып түседі, жауын-шашын республиканың оңтүстік-батыс жартысында климаттық норма шегінде болжанады.  

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив