Өскемен қаласының қоғамдық көліктері «Оңай» жүйесіне ауысқалы жатыр. Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, бұл жүйенің өз артықшылықтары бар.
– 1 наурыздан бастап осы жүйеге толық көшетінімізді алдын ала айта кетейін. Қаланың ішінде карта сатып алуға болатын арнайы орындар болады, телефоныңызға қосымшасын жүктеп алсаңыз электрон карта қалтаңызда, – деді қала басшысы.