Қазақстанда этникалық қазақтарға "Ата жолы" деп аталатын 55 карта берілді


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 12:56 0

2023 жылдың шілдесінде Қазақстан шетелде тұратын, бірақ елде 10 жыл тұрып, жұмыс істей алатын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын енгізді. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң хабарлауынша, осы уақытқа дейiн осындай 55 карта берілген.
«Жергілікті атқарушы органдарға «Ата жолы» картасын алуға барлығы 75 өтініш түсті. 2023 жылы 44 карта – 20 карта бизнес-иммигранттарға және 24 карта сұранысқа ие мамандарға берілсе, биыл 11 карта – 5 карта кәсіпкерлерге және 6 карта сұранысқа ие мамандарға берілген», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Арнайы картаға ие болғандардың арасында инженер-физик, инженер-математик, химик-технолог, педиатр, т.б мамандар бар. Олар Ауғанстан, Австрия, Германия, Израиль, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Нидерланды, Ресей, АҚШ, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Финляндия және Франциядан келген мамандар.
«Ата жолы» картасы – этникалық қазақтарға елімізде бизнес-кейстерін іске асыруға және елде тапшы мамандардың қызмет етуіне берілетін құжат. Карта иелеріне республика аумағында азаматтықтарын сақтай отырып, 10 жылғы дейін тұрақты тұруға рұқсат беріледі. Бұл құжатты «Құтты мекен» мобильді қосымшасының көмегімен өтініш беру немесе Қазақстан елшілігіне жүгіну арқылы алуға болады.
«Ата жолы» картасының иегерлерінің этникалық қазақтардан басты айырмашылығы – олар басқа елдің азаматы болып қала отырып, азаматтар мен қандастар сияқты құқықтарға ие болады.
Мәселен, оларға қазақстандық заңнамаға сәйкес жұмысқа орналасу немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығы, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік төлемдер жүргізу және қызмет алу, тегін орта білім алу, мемлекеттік мекемелерде тегін арнаулы орта немесе жоғары білім алу конкурсына қатысу немесе жеке оқу орындарында ақылы оқу және т. б. мүмкіндігі қолжетімді болады.
Айта кету керек, «Ата жолы» картасы бар адамдардың ҚР мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға құқығы жоқ, республикалық референдумға қатыса алмайды және мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив