Өскемендегі Пушкин кітапханасында нейро-ассистент жұмыс істейді

ЖАҢАЛЫҚТАР 7-02-2025, 14:55 0

Өскемендегі Пушкин кітапханасында енді нейро-ассистент жұмыс істейді. Бүгін елімізде баламасы жоқ DosAI-дың таныстырылымы болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бұл ақылды жүйені кітапхана волонтері, экономика және техника колледжінің студенті Денис Кушнарев әзірлеген. IT саласынының мамандары жоғары баға берді. Жоба таныстырылымына қатысқан студенттер, білім мен мәдениеттегі инновацияға жаны құмар қала тұрғындары да ерекше әсер алғандарын жеткізді. Олар кітапхана кеңесшілерінің көмегімен DosAI қызметін тестілеп көрді.

 

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, DosAI оқырман сұрақтарына дереу жауап беріп, қажетті ақпаратты табуға және кітап таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар кітапхананың жұмыс тәртібі туралы, алдағы іс-шаралар мен көрмелер, кітапханадағы үйірмелер мен клубтар туралы ақпарат беріп, оқырманның талабын саралап, көңілінен шығатын кітаптарды  ұсына алады

– Кітапхананың нейро-ассистенті оқырмандардың таптырмас көмекшісіне айналып, кез-келген қызмет түрін ыңғайлы әрі тиімді етеді, – дейді кітапхана директоры Назым Тілеубекова.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив