Облыстық кітапханадағы DosAI не істейді?


ЖАҢАЛЫҚТАР 6-02-2025, 12:04 0

сурет көрнекілік үшін алынды

Өскемендегі Пушкин кітапханасында енді DosAI жұмыс істейді. Бұл еліміздегі алғашқы кітапхана нейро-ассистенті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Кітапхана мамандарының айтуынша, DosAI оқырман сұрақтарына дереу жауап беріп, қажетті ақпаратты табуға және кітап таңдауға көмектеседі. 

«Мысалы, DosAI кітапхананың жұмыс тәртібі туралы, алдағы іс-шаралар мен көрмелер, кітапханадағы үйірмелер мен клубтар туралы ақпарат беріп, оқырманның талабын саралап, көңілінен шығатын кітаптарды  ұсына алады», - дейді мамандар.

Нейро-ассистент электрондық каталогтар мен жинақтар, ақпараттық-кітапханалық өнімдер мен қызметтерді ілгерілетудің таптырмас құралы болмақ. 

Жоба тұсаукесері 7 ақпан күні сағат 11.00-де болады.


 

 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив