21 қыркүйекте Өскемен қаласындағы әсем жерлердің бірі – Арбатта облысымыздағы алғашқы Кітап фестивалі өтті, Бұл күн қала тұрғындары мен қонақтарының есінде кітап пен оқуды насихаттайтын ерекше атмосферасымен есте қалды.
Шара Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасының бастамасымен, А.С. Пушкина атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен және қаламыздағы басқа да кітапханалар, мұражайлар, театр, кітап дүкендері, білім беру ұйымдары, сондай-ақ, зиялы қауымның қолдауымен өтті. Фестиваль өңірде кітап оқу мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.
Кітап фестивалінің басты сахнасында мереке қонақтары «Шабыт» жастар театрының тебіреніске толы қойылымын тамашалап, қазақстандық танымал авторлар Ж. Шәкенұлы мен Г.Н. Пуссептің жаңа шығармаларының, сондай-ақ, облыстық ауқымды әдеби жоба – «Абай әлемі» кітаптар топтамасының» 2024 жылғы жаңа шығарылымының тұсаукесеріне қатыса алды. «Абай әлемі» кітаптар топтамасы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдан бастап жарық көріп келеді. 2018-2024 жылдар аралығында «Абай әлемі» кітаптар топтамасымен барлығы 76 389 данамен 110 кітап атауы жарық көрді. Биылғы жылы 12 автордың шығармасы мен үш жинақ – барлығы 15 кітап оқырманға жол тартты.
Түрлі тақырыптық локациялар барлық жастағы келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кітап әуесқойлары мен кітапқұмарлар үшін – мазмұны мен формасы алуан түрлі кітап көрмелері мен инсталляциялар ұсынылды. Облыстық музейлер қорындағы жерлес жазушылардың жеке заттарының көрмесі, жерлес жазушылар шығармаларының QR-көрмесі, жасанды интеллект мүмкіндіктері пайдаланылған «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» балалар суреттерінің интерактивті көрмесі және т.б. ерекше қызығушылық тудырды.
Кітап сату локациясы өлкеміздегі баспа индустриясының жаңалықтары мен қазіргі аймақтық әдебиеттің даму тенденцияларына қызығушылық танытатындар үшін бар жаңалықтарын паш етті. «Балалық кеңістігі» локациясы жас оқырмандарды әдеби ойындар, байқаулар, квесттер, викториналар мен көптеген жағымды тосынсыйлармен қарсы алды. А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада құрылған 30 жылдық тарихы бар еліміздегі жалғыз фантастика әуесқойлары клубы «Перекрестоук мировтың» фантастикалық күзі ешкімді бей-жай қалтырмады.
Мереке барысында келушілер авторлармен сұхбаттасып, қолтаңбасы мен кеңесін алып, бірге фотосуретке түсу мүмкіндігіне ие болады.
Бірегей Open Air салтанаты отандық фильм – биылғы жылы 100 жылдық мерейтойы тойланып жатқан Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі желісімен түсірілген фильмді тамашалаумен аяқталды.
Қалалықтар игі бастаманың жыл сайынғы дәстүрге айналуына тілектес білдірді.