Риддердегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай


ЖАҢАЛЫҚТАР 23-12-2024, 13:30 0

сурет: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Риддер жылу электр орталығындағы жарылыстан зардап шеккен 6 адамның жағдайы туралы хабарлады. 

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық 6 адам да травматология бөліміне жатқызылды. 

– Риддер ауруханасында жатқан науқастар 23 желтоқсанда жансақтау бөлімінен жалпы палатаға, яғни травматология бөліміне ауыстырылды. Өскеменге жеткізілген зардап шеккендер де травматология бөліміне жатқызылды. Оларға медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Жағдайлары орташа ауыр. Бірақ бұрынғыға қарағанда жақсарып келеді, - делінген хабарламада.  

Естеріңізге сала кетейік, 21 желтоқсанда таңғы сағат 4:39-да Риддер қаласындағы жылу электр орталығында газбен дәнекерлеу жұмыстары кезінде газ-ауа қоспасы жарылды. Зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив