Шығыс өңіріндегі Катонқарағай ұлттық паркінің инспекторлары Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау шараларын күшейтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Катонқарағай ұлттық паркі – еліміздегі ең ірі табиғи саябақ. Рахман қайнары, Көккөл сарқырамасы, Берел қорғандары және Мұзтау секілді інжу-маржандардан түзілген алты жүз мың гектардан асатын аумақ әлдеқашан туристердің көзайымына айналған. Ұлттық парк жұмысының негізгі бағыттары: биологиялық қор мен аймақтың алуантүрлілігін сақтау, табиғи үдерістер мен объектілерді зерттеу, экскурсиялық іс-шараларды ұйымдастыру, өңір тұрғындары мен қонақтарды экологиялық ағартушылыққа үндеу.
Саябақ аумағында 1 желтоқсаннан бастап инспекторлар мен құқық қорғау органдарының өкілдерінен жасақталған мобильді топтар жұмыс істеуде. Мамандар заңсыз ағаш кесудің алдын алуға күш салады.