Сарапшылар уақыт белдеуінің ауысқанына қарсы екендіктерін тағы да айтты 


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 16:12 0


Қазақстандағы уақыт белдеуін бұрынғы қалпына қайтару туралы талқылауға әлем сарапшылары да қосылды. Медициналық психолог, петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Евгений Ян Ресей мен Америкадан халықаралық сарапшылармен ақылдасқан, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі  Informburo.kz порталына сілтеме беріп. 

АҚШ-тың жетекші хронобиологы, ұйқы және циркадтық ырғақтар зертханасының директоры Мэри Карскадон Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуліне қайта оралуы керек деп санайды. 

-Қазақстанда көптеген адамдар үнемі джетлаг (сағаттық белдеу ауысу синдромы) күйінде. Олардың денелері күн мен түннің ырғағына үйренбеген... Таңертеңгі тоғыздан бастап жұмыс істеудің не керегі бар, егер күн бес-алты кезінде шығып қойса? Бұл уақытта жұмыс істеу көптеген адамдарға қиындық туғызады және ағза үшін ол экстримальды қиындық, - дейді Карскадон. 

Евгений Янның айтуынша, ресейлік және америкалық сарапшылар бірыңғай уақыт белдеуіне көшу міндетті түрде қазақстандықтардың денсаулығына кері әсерін тигізетін және ересектермен қоса балалардың зардап шегуі мүмкін екенін атап өтті.  

-Жасөспірімдер мен балаларда циркадиялық ырғақтар уақыты өзгерді.  Олардың ұйықтауы қиындады немесе керісінше олар ұзақ ұйықтайды, ағза үшін бұл зиян. Көптеген психологиялық зардаптарға, депрессияға ұшырауы мүмкін, - деді медициналық психолог. 

Әріптестерінің бұл пікірімен қазақстандық ғалымдар да келіседі. Күннің ерте шығуы «ұйқы гормоны» - мелатониннің өндірілуіне кедергі келтіреді. 

-Мелатонин өндіру фазасын үзу арқылы біз адам денсаулығына кері әсерін тигіземіз. Мелатонинді бір сағатта ең жоғары бөлетін уақытқа ауысуымыз үшін кешкі сағат жетіде ұйықтау керек. Бұл мүмкін емес деп ойлаймын», - дейді биохимик Аида Әлжанова. 

Сонымен қатар, жұмыс тобының бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қарау үшін екінші отырыс өтеді деп күтілуде.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив