Өскемен қаласының Ғарышкер көшесінде 240 орындық балабақша ашылды.
Қалалық әкімдік ақпараты бойынша, онда балалар 12 топқа бөлінеді. Соның ішінде 4 топ ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналады.
Айта кету керек, 2022 жылға дейін аталмыш ғимарата «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінің редакциясы орналасқан болатын. Кейін ғимаратты әкімдік қайтарып алып, сенімгерлік басқаруға бергені айтылады.