Өскеменде тағы да ауа ластанады


ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 15:00 0

Облыс орталығында тағы да ауа ластанады. Мамандар бүгін кешке екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдай болады деп мәлімдеді.

«4 желтоқсан 20:00-ден 5 желтоқсан 20:00-ге дейін Өскеменде екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай болады», - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, қаланы өткенде ғана – 23 қарашадан 1 желтоқсанға дейін қою түтін басып тұрды. Сол кезде денсаулығы нашарлағанын айтып шағымданған тұрғындар болды. Тіпті 28-29 қараша күндері оқушылар мектеп бара алмай, онлайн форматта оқыды. 

Өскемендіктер бір апта бойы қаланы буып тұрған қою түтіннің әсерінен әлі де арыла қоймаған болар. Мәселен бүгін екі пациентке «тамақтың химиялық күйігі» диагнозы қойылғанын хабарладық. Мұндай жағдай өңірде алғаш рет болып отыр. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев:

«Халықаралық аурулар классификациясы (ICD-10) бойынша J68 диагнозы қойылды. Яғни, «Химиялық әсерден тыныс алу жолдарының зақымдануы». Дәрігерлерге химиялық әсер мен әдеттегі инфекцияның аражігін ажырату оңай емес. Себебі симптомдары өте ұқсас. Сол үшін терапевттерді, ЛОР мамандарын, педиатрларды оқытып, біліктіліктерін арттырып жатырмыз, - деп мәлімдеді.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив