Әлеуметтік желіде тұрғындар соңғы күндері Өскемен қаласындағы жағдай ушығып кеткенін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында облыс орталығын қою түтін басып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасты. Сарапшылар бұған ауаның ластануы себеп болып отырғанын да айтқан.
Өскемен қаласында алғаш рет науқасқа «тамақтың химиялық күйігі» диагнозы қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, «тамақтың химиялық күйігі» диагнозы былтыр көктемде енгізілген болатын. Алайда сол уақыттан бері бірде-бір науқасқа қойылған жоқ.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, соңғы күндері экологиялық жағдай ушығып кеткенде 2 науқасқа осындай диагноз қойылған. Бұл қала тарихында бірінші рет болып отыр.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде экология жағдайын жақсарту үшін арнайы ұйым құрылатынын жазған болатынбыз.