Бүгін Шығыстың бас шаһарында әйелдер арасындағы волейбол чемпионатының екінші туры басталады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Дәл қазір ел чемпионатында өскемендік «Берел» мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары 19 ұпаймен көш бастап тұр. «Қуаныш» (СҚО) пен «Қарағанды» 15 ұпай еншілеп, үшінші-төртінші орындарды бөлісті.
Ал бүгін «Жетісу» - «Ару-Астана», «Қуаныш» - «Алматы», «Ертіс» - «Грация KZ», «Тұран» (Түркістан) - «Ақтөбе», «Берел» - «Қарағанды» командалары өзара мықтыны анықтайды.
Биылғы кубок және суперкубок иегері «Жетісу» алдағы сенбіден бастап өзінің тікелей қарсыластары – «Қуаныш», «Берел» және ел чемпионы «Тұранмен» ойнайды. Биыл Азия клубтық чемпионатында төртінші орынға табан тіреген «Қуаныш» 10-11 желтоқсан күндері «Берел» және «Тұранмен» шеберлік байқасады.
Екінші тур ойындары 11 желтоқсанда мәреге жетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Өскеменде волейболдан ел чемпионаты бірінші туры қараша айында өтті.