Өскеменде өткен Oskemen Open халықаралық шахмат турнирі аяқталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-10-2024, 16:00 0

2 қазаннан бастап 9 күн бойы өткен швейцарлық жүйе бойынша өткен 10 турда шахматшылар екі турнирде бақ сынасты: «Masters» турниріне 15 елдің 121 спортшысы және «Open» жарысына 74 ойыншы қатысты.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, «Masters» турнирінің жеңімпазы әрі 5 миллион теңге ақшалай жүлденің иегері болып 29 жастағы украиналық гроссмейстер Виталий Бернадский (2530) атанды. Екінші орынды 3,5 миллион теңге жүлдемен Қытайдан келген гроссмейстер Бай Цзиньши (2549) иеленді. Үшінші орынды және 2,5 миллион теңге ақшалай жүлдені Өзбекстан құрамасының құрамында 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Жахонгир Вахидов (2572) алды. «Әйелдер арасындағы үздік нәтиже» және «Қазақстандық ойыншылар арасындағы үздік нәтиже» номинацияларында үздік шыққан 3 ойыншы ақшалай сыйлықтарға ие болды: осы номинацияларда бірінші орындарды иеленген ресейлік Яна Жапова (ФИДЕ) және Қазақстан ерлер құрамасының ең жас мүшесі Алдияр Ансат бір миллион теңгеден алды. «Masters» турнирінің жалпы жүлде қоры 24 миллион теңге, регламент бойынша ақшалай жүлделермен үздік 15 ойыншы марапатталды. 

«Open» турнирінде 74 қатысушы бақ сынады. үндістандық шахматшы Кумар Гауравтың (2040) 8 ұпаймен бірінші орын алып, 1 миллион теңге жүлдеге ие болды, одан жарты ұпайға қалып қойған Астанадан келген ФИДЕ шебері екінші орынды иеленсе, оның отандасы Арлен Абдрашев (1956) 7½ ұпаймен үшінші орынға жайғасты. «Open» турнирінің кепілді жүлде қоры 4,5 миллион теңге, үздік 7 ойыншы ақшалай жүлделермен, сондай-ақ әйелдер, ардагерлер (1964 ж.т. және одан үлкен), 10 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында үздік нәтиже көрсеткендер де марапатталды. 

– Бұл – Шығыс Қазақстан облысы тарихындағы осындай ауқымды алғашқы шахмат турнирі. Қазақстан шахмат федерациясы үшін бұл өте маңызды шара. Мұндай жоғары деңгейдегі халықаралық ашық турнирлер сериясын өткізу ойыншыларымызға бірегей жарыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Мысалы, Oskemen Open қорытындысы бойынша 6 ойыншы халықаралық атақтар нормаларын орындады. Бұл осындай ашық турнирлердің маңыздылығын дәлелдейді, - дейді Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті  Дармен Садвакасов. 

Кубоктың қорытындысы қараша айынның ортасында Алматыда нокаут жүйесі бойынша өтетін финалда белгілі болады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив