Ұлттық экономика министрі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-12-2024, 18:30 0

сурет: primeminister.kz

2 желтоқсан күні Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды оның ішінде ішкі нарықты тауарлармен толтыру, бәсекелестікті қорғау, сыртқы сауданы және тарифтерді реттеуді жалғастыратынын айтты. 

Нұрлан Байбазаровның айтуынша, осындай әрекеттердің арқасында Қазақстанда 2023 жылғы жылдық инфляция жылына 20,3%-дан 9,8%-ға дейін төмендеді. 2024 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 8,4%-ды құрады. 

– Үкімет жағдайды қадағалап отыр және әлеуметтік маңызы бар заттарға қатысты экономикадағы бағаларды тежеуге бағытталған шараларды қабылдайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу үшін жаңа егіннің қоры пайдаланылады. Қысқы және көктемгі маусымаралықта азық-түліктің айтарлықтай қоры қалыптасты. Тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен ауыл шаруашылығы тауар  өндірушілерінің қоймаларында 826 мың тоннадан астам негізгі азық-түліктің 29 түрі бар. Бұл қорлар сақтау мерзімдерін ескере отырып, жүйелі түрде толықтырылады және елдің бірнеше айлық қажеттілігін өтеуге қабілетті, - дейді Ұлттық экономика министрі. 

Министр жаңа жылдық мерекелер қарсаңында бағаның өсуін тежеу үшін қосымша шаралар қабылданып жатқанын айтты. 

– Өңірлерде тұрақты ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Қысқы кезеңде және маусымаралық кезеңде бағаны одан әрі тұрақтандыру үшін ақпан айының басында тұрақтандыру қорларынан көкөністерді босатуды бастау жоспарлануда, бұл нарықты қажетті өнім көлемімен қамтамасыз етуге және баға ауытқуларының алдын алуға мүмкіндік береді, - деді Нұрлан Байбазаров. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив