Қарлы боран, көктайғақ... Демалыста ауа райы қандай болады?


ЖАҢАЛЫҚТАР 29-11-2024, 17:17 0

«Қазгидромет» РМК мамандары республика бойынша алдағы үш күнге –30 қараша мен 2 желтоқсанға дейінгі ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың пайымдауынша, ел аумағында күн райы тұрақсыз болып қала береді.

Алдағы тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалына байланысты елдің солтүстік бөлігінде қар жауады, оңтүстік облыстарда – жауын-шашын.

«30 қараша, 1 желтоқсанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген хабарламада.

Тек республиканың батысында атмосфералық қысымның жоғарылауы аясында айтарлықтай жауын-шашынсыз тыныш ауа райы сақталады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив