Алтай ауданы Серебрянск қаласында Өскемен– Алтай– Үлкен Нарын–Катонқарағай – Рахман қайнарлары тасжолы бойында қыс мезгілінде жолда төтенше жағдайға тап болған адамдардарға арналған жылыту бекеті ашылды.
– Серебрянск қаласындағы Веденеев көшесі, 6 мекенжайында орналасқан «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» ғимаратында жылыту пункті ұйымдастырылды, - деп хабарлады қала әкімдігі.
Пункт 26 адамға арналған.