ШҚО тасжолдарында медициналық-құтқару бекеттері жұмыс істейді


ЖАҢАЛЫҚТАР 4-11-2024, 14:30 0

Қазір Шығыс Қазақстан облысының жолдарын қыс мезгіліне дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

– Биыл негізгі бағыттар бойынша он жылыту пункті жұмыс істемек. Меморандумға сай жол бойындағы 15 дәмхана да дәл осындай қызметті атқаратын болады, - деді ШҚО ТЖД ТЖ жою бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ернар Жәлелов.   

Шығыс Қазақстан облысында медициналық-құтқару бекеттері келесі жерлерде орналасқан: 

1) Привольное бекеті – «Өскемен - Семей» тасжолының 85 шақырымындағы Ұлан ауданы, Привольное ауылының жанында; 
2) «Жарма» бекеті – «Алматы-Өскемен» тасжолының 889 шақырымындағы Жарма ауданы, Аршалы ауылының маңында; 
3) «Семеновка» бекеті – «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 634 шақырымындағы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылының тұсында; 
4) «Семей» бекеті – «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 825 шақырымдағы Жарма ауданы Суықбұлақ ауылының қасында; 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив