Шығыс Қазақстан облысынан Ресейге қатынайтын пойыз бағыты қалпына келтіріледі.
– Тұрғындардың өтініші бойынша Томск-Риддер теміржол бағыты 15 желтоқсаннан бастап қалпына келтіріледі. Пойыз Новосибирскге дейін қатынайтын болады, - деді Көлік министрі Марат Қарабаев.
Пойыз 4 күн сайын тұрақты түрде қатынайтын болады.