Шығыс Қазақстан облысында екі республикалық тас жолдағы қозғалысқа шектеу енгізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, 1 қараша сағат 19:00-ден бастап «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнары» 44-66 шақырым, 20:00-ден 06:00-ге дейін Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясының шекарасы, 94-104 шақырым учаскесінде ағымдағы қысқы кезең аяқталғанға дейін тіркемелері мен жартылай тіркемелері бар көлік кұралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
– Бұл шектеу қыс мезгілінде қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу үшін жасалып отыр, - деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері.