«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Алматы-Өскемен автожолындағы қозғалысқа шектеу қойылғанын хабарлады.
– «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Алматы вокзалын айналып өтетін теміржол желісін салу жобасы аясында жолдың қиылысында арқалықтарды орнату жұмыстарына байланысты Алматы-Өскемен автожолының 38+800 шақырымынан 46-шақырымына дейінгі ақылы жол учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу қойылады, - делінген «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарламасында.
Уақытша шектеу 2024 жылғы 15,16 және 17 қазан күндері сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін қойылды.
Айналма жол үшін параллель орналасқан «Алматы-Жетіген» тас жолы арқылы ұйымдастырылады.