Қарашадан бастап Өскеменде қандай өнімдер төмендетілген бағамен сатылады?


ЖАҢАЛЫҚТАР 7-10-2024, 14:00 0

1 қарашадан бастап Өскеменде жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін сату  маусымы басталады. 

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мәліметінше, бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша бакалея және жеміс-көкөніс өнімдері сатылып жатыр. 

Бакалея өнімдерін жыл бойы сатып алуға болады, олардың бағасы өзгермейді. Жемістер мен көкөністерді сату тоғыз айға есептелген: қараша мен шілденің соңына дейін. Тамыз, қыркүйек және қазан айларында егін жиналады. Бұл кезеңде саяжай тұрғындары мен ауыл тұрғындарының өнімдері тұрақтандыру қорының тауарларынан арзанырақ. Тоғыз айдан кейін сұраныс артқан жағдайда қосымша келісім-шарттар жасалуы мүмкін.

2024-2025 жылғы маусымаралық кезеңде «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС-да 9050 тонна жеміс-жидек пен көкөніске келісім-шарт жасалды, оны сату 2024 жылдың 1 қарашасынан басталады:

5500 тонна картоп - 130 теңгеден (бір келісінің бағасы);
1300 тонна сәбіз - 130 теңгеден;

900 тонна пияз - 120 теңгеден;

1350 тонна қырыққабат - 120 теңгеден сатылмақ.

Бұл өнімдердің барлығы 2025 жылдың 1 мамырына дейін сатылады. Сауда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қарасты 24 сауда павильонында жалғасады. Тағы бес сауда нүктесі өнімді сату бойынша аталған корпорациямен меморандумға отырған.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив