Өскеменде Красин көшесінде автокөлік пен мопед соқтығысты.
Пушкин-Нагобай көшелерінің қиылысында Hyundai Accent маркалы автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, «Racer» мопедіне жол бермеген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан мопед жүргізушісі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
– Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.