Өскеменде мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Полиция қызметкерлерінің сөзінше, жол-көлік оқиғаларының көбеюіне кәмелетке толмағандардың мопед тізгіндеуі әсер етіп отыр.
– Жыл басынан бері мопедтер мен скутерлердің қатысуымен 70-ке жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 79 адам зардап шеккен, оның 39-ы кәмелет жасқа толмағандар. Сондай-ақ мопед және скутер жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 150-ден астам фактісі анықталды, - дейді Өскемен қалалық полиция басқармасының жол-көлік оқиғасы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко.