ШҚО-да 4 мыңға жуық адамды кене шаққан


ЖАҢАЛЫҚТАР 29-10-2024, 15:20 0

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққандардың саны көбейді. Биыл кене шаққан 3927 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. 

– Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6,4%-ға артты, - дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері. 

Мамандардың пікірінше, кенелердің белсенділігі ауа-райына (ауа температурасына, ылғалдылыққа) тәуелді. Күннің жылынуы, кенелер үшін де адамдар үшін де қолайлы кезең болып есептеледі. 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Өскемен қаласында – 1917 адамды, Ұлан ауданында – 13 тұрғынды кене шаққан.  

Ауруханаға қаралған 3690 адам иммуноглобулин алды. Қалғандарына түрлі себептерге байланысты кене энцефалиті вирусының әсерін бейтараптандыратын екпе салынбады. Кейбіреулері өз еркімен бас тартса, енді біреулері дәрігерлердің көмегіне тым кеш жүгінген.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив