2024 жылдың қыркүйек айында амбулаториялық қызметтердің құны 11,6%-ға өскен.
Ал аймақтардағы бағаның жылдық өсімі бойынша Астана қаласында медициналық қызмет ақысы бір жылда 28,9%-ға артқан. Елордадан бөлек, Ақтөбе (18,3%-ға), Ұлытау (17,9%-ға), Қарағанды (16,5%-ға) және Қостанай (14,6%-ға) облыстарында да медициналық қызмет ақысы біршама қымбаттаған. Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 13,2%-ды құрады. Ал Алматы (3,3%-ға), Батыс Қазақстан облысы (3,7%-ға) мен Шымкентте (7,1%-ға) ем ақысында өзгерістер байқалмайды.
Сонымен қатар амбулаториялық қызметтердің ішінде стоматологиялық қызмет бағасы 12,5%-ға, медициналық қызмет 11,5%-ға, орта медициналық қызмет 9,5%-ға өсті. Медициналық қызметтердің ішінде дәрігердің алғашқы қабылдауына жазылу бағасы 11%-ға, ал дәрігерлік амбулаториялардағы медициналық мамандардың қызметі 9,5%-ға өскен.