25 қазан күні Жарма ауданының Салқынтөбе, Бородулиха ауданының Успенка, Көкпекті ауданының Үлгілі-Малшы, Биғаш, Шәріптоғай және Бесқарағай ауданының Белокаменка, Стеклянка ауылдарында медициналық пункттер салтанатты түрде ашылды.
– Енді ауылымызда өзіміздің медициналық пунктіміз бар. Бұрын дәрігерге қаралу үшін аудан орталығына баратынбыз. Енді жолға шығудың қажеті жоқ, - дейді Биғаш ауылының тұрғыны Қадыр Әлімбаев.
Ауыл тұрғындары медициналық пункттердің ашылғанына қуанып, ризашылықтарын білдіруде.
Барлық медициналық пункттер бір мезетте 25 адамға дейін қызмет көрсете алады. Барлығында емшара қабылдау мен физиотерапия кабинеттері және дәріхана бар. Жаңа медициналық пункттерде қажетті кабинеттер мен алғашқы медициналық көмек көрсету қарастырылған.