ШҚО-да тауарлардың қымбаттау көрсеткіші республиканың орташа деңгейінен жоғары


ЖАҢАЛЫҚТАР 31-07-2024, 11:29 0

Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 376,4 мың теңгені, ал  республика бойынша осы кезеңдегі орташа жалақы айына   382,3 мың теңгені құрады.  

Экономикалық басқарманың есебіне сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында ШҚО-да жалақы өсімі  114,6%-ды, республика бойынша орташа жалақының өсімі 112,3%-ды құрайды. 

Тұтыну бағасының индексі маусымда өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 104,6%-ды құрады. Республикада бұл өсім біршама төмен – 103,9%. Халыққа қызмет көрсету бағасы облыс бойынша – 108,1%-ға өсті. Атап айтқанда, электр энергиясы, амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету, жеке автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу, автокөлікті сақтандыру, шаштараз қызметтері, демалыс пен ойын-сауық, көлік қызметтерінің бағалары біршама өсті.  

Азық-түлік тауарлары тобы бойынша баға индексі – 102,7 %-ды құрады. Әсіресе, жемістер мен көкөністер – 111, балық және теңіз өнімдері – 107,1, қант пен тәттілер – 105,3, макарон өнімдері – 103,4, ет – 102,4 %-ға қымбаттады. 

Азық-түліктен бөлек, киім-кешек, дәрі-дәрмек, аяқ киім т.б. заттардың республика деңгейдегі орташа бағалары – 103,5 %-ды құраса, Шығыс Қазақстан облысында бұл деңгей – 104,1 %-ды құрайды. 

Өңірдегі баға мен жалақының өсуі туралы мәліметтер ШҚО әкімдігінде өткен жиында белгілі болды.



Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив