Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті лицензиясы жоқ интернет-ресурстар тізімін жаңартты.
– Тізімге ҚР Заңының 6-бабының 2-тармағында тыйым салынған интернет-казино белгілері бар 1820 бірегей желілік мекенжай енді. Бұл тізім Комитеттің жүйелі ақпарат жинап, интернет-казино мен заңсыз букмекерлік қызметтердің жұмысын анықтағаны нәтижесінде жасалды. Сонымен қатар тізім Telegram және WhatsApp мессенджерлерінен толықтырылып отырады. Заңсыз ойын бизнесінің таралуына бей-жай қарамайтын азаматтар күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардың сілтемелерін жібереді, - делінген министрлік хабарламасында.
Тізімге Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар да енгізілген.
Анықталған ақпарат «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, Қазақстан Республикасының аумағында олардың қызметін шектеу үшін заң тұрғысынан бағалау жүргізіледі.